Негізгі өзгертулер мынадай:
- Несиелік желіге қатысты міндеттемелер екі жақтық болады, яғни тек KAZ Minerals пен Қытай банкін қамтиды;
- Пайыздық мөлшерлеме LIBOR-ды қосқанда 4,80%-дан LIBOR-ды қосқанда 4,50%-ға дейін төмендейді;
- Топ несиелік желіні ұйымдастырғаны үшін заемның өтелмеген бөлігінен 0,5% мөлшерінде комиссия төлейді. Оның 60%-ы 2014 жылдың желтоқсан айында, ал қалған 40%-ы 2016 жылдың қаңтар айында төленеді;
- Бухгалтерлік баланстағы борышқорлық жүктеменің көлемін айқындаушы ковенанттар ҚМДБ-нің Ақтоғай жобасын қаржыландыруға бөлген $1,5 млрд мөлшеріндегі несие желісіне сәйкестендірілген. Бұл ретте теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өзгеру әсері ескерілген түзетулер қарастырылған.
2014 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша өтелмеген несие мөлшері шамамен 2,1$ млрд. құрады. «Самұрық Қазына» ҰӘҚ-мен арадағы алдыңғы міндеттемелер бойынша есеп айырысу және ҚМДБ-нен тікелей несие тарту 2015 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Несие желісінің қалған шарттары, соның ішінде өтеу кестесі мен толық өтеу мерзімі өзгеріссіз қалды.
____________
KAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания - Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі. Компанияның қолданыстағы 5 кеніші мен 4 кен байыту фабрикаcы бар. 2014 жылы ағымдағы қызметі барысында өндірілетін катодты мыстың жалпы көлемі 80-85 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, KAZ Minerals ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның ауқымды көлемін өндіреді. 2014 жылы компанияның ағымдағы қызметі барысында өндірілетін концентраттағы мырыш көлемі 115-120 мың тонна деңгейінде, күміс 3,3-3,7 млн. унция, ал алтын 37-42 мың унция деңгейінде болады деп жоспарланып отыр.
Топ екі негізгі өркендеу жобасын – Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларын жүзеге асыруда. Үшінші жоба – Көксай жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Аталмыш өркендеу жобалары осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі ашық түрдегі кеніштерден тұратын әлемдік деңгейдегі компанияға айналдырады.
KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. 2013 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 933 млн. АҚШ долларын, ал EBITDA көрсеткіші 389 млн. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 10 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.
«Самұрық Қазына» ҰӘҚ және Қытайдың мемлекеттік даму банкімен Бозшакөл мен Бозымшақ жобаларын қаржыландыру үшін 2,3 млрд АҚШ долларын бөлу туралы келісімге 2009 жылдың желтоқсан айында қол қойылған болатын. 2013 жылдың қаңтар айында несие толық алынды. 2014 жылдың қаңтар айында Топ кейінге қалдырылған жобаларды дамытуға арналған 400 млн. АҚШ долларын мерзімінен бұрын өтеді. 2014 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша несиенің өтелмеген мөлшері 2,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
Несие желісін өтеу мерзімі – қаражатты алған уақыттан бастап 12-15 жыл; бастапқы төлем жасау уақыты - қаражатты алғаннан кейін 3 жылдан соң.
2011 жылдың маусым айында Ақтоғай кенішін өндіруге 1,5 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде Қытайдың мемлекеттік даму банкімен арада қаржыландыру туралы екі келісімге қол қойылған болатын. Бірінші келісімнің сомасы – 1,34 млрд. АҚШ долларына дейін, ал екінші келісімнің сомасы – 1 млрд. Қытай юанына дейін (қол қойылған уақытта шамамен 158 млн. АҚШ доллары). Екі келісімнің де шарттары ұқсас. Несие желісін өтеу мерзімі - қаражатты алған уақыттан бастап 12-15 жыл; бастапқы төлем жасау уақыты - қаражатты алғаннан кейін 3 жылдан соң.
2014 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша Ақтоғайды өндіруге бөлінген 1,3 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражат алуға ашық.