Бейсенбі, 19 Наурыз 2015

Еуразиялық Топ (ERG) және Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы 2015 жылға арналған меморандумға қол қойды

Бүгін Еуразиялық Топ (ERG) және Ақтөбе облысы әкімдігінің арасындағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы 2015 жылға арналған меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

Еуразиялық Топ жыл сайын өңірдегі экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени жобаларды қаржыландыруды өз жауапкершілігіне алады. Соңғы үш жылда (2012 – 2014 жж.) облыстың дамуына шамамен 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Олардың ішінде келесі ірі жобалар бар: Ақтөбе және Хромтау қалаларында мектептер мен балабақшаларды қалпына келтіру, Ақтөбе қаласында теннис кортының құрылысы және компания қызметкерлеріне арнап тұрған үйлер салу.

 

Осы жылы ізгі дәстүрді жалғастыру үшін ERG меморандум аясында 850 млн теңге бөлді. Қаржыландыруды «Қазхром» ТҰК» АҚ жүзеге асырады.

 

2015 жылғы анағұрлым ірі жобалардың ішінде облыс орталағындағы жолдарды жөндеу мен аулаларды абаттандыру, Хромтау қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, «Казхром» ТҰК» АҚ кадрлар даярлайтын Хромтау тау-техникалық колледжіне жыл сайынғы көмек көрсету, халықаралық және республикалық деңгейде өтетін спорттық іс-шараларды қолдау және Алға қаласының облыстық балалар үйін қаржыландыру.

 

Меморандумға ERG S.a.r.l.компаниясының бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка мен Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.

 

Қол қою рәсіміне қатысқан ERG S.a.r.l.компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич былай деді:

 

- Бүгін Еуразиялық Тобы Ақтөбе облысында әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзінің белсенді ұстанымын тағы бір рет растайды. ERG Президент белгілеген «Нұрлы жол» Жолдауында міндеттерді ұстанып, әрқашан өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындайды. Топ кәсіпорындары жыл басында жұмыс орындарын сақтап қалу және өндірістік процестерді тұрақтандыру үшін жергілікті билік органдары мен кәсіподақтармен үшжақты меморандумдарға қол қойды. Одан басқа, кәсіпорындарымыздың қызметкерлері үшін біз Тұрғын үй бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру механизмін әзірлеп жатырмыз.

 

Соңғы бес жылда (2010-2014 жж.) Еуразиялық Топтың ұжымдық келісім шарттар бойынша кәсіпорындардың қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге, әлеуметтік саланы қолдауға арналған төлемдерге, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмекке шамамен 98,4 млрд теңге қаражат бағытталған.

 

Он бір жыл бойы Еуразиялық Топ (ERG) жыл сайын Топтын кәсіпорындар жұмыс істейтін Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында елеулі әлеуметтік-экономикалық жобалар бойынша меморандум жасасады.