Жұма, 28 Қазан 2016

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасындағы «Клетьевой» және «Вентиляционный» оқпандарының негізгі тасымал квершлагы бойынша түйісім жүргізілді

Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң ТКБК 480 м – негізгі тасымал қабаты квершлаг бойынша «Клетьевой» және «Вентиляционный» оқпандарында түйісім өтті. Күрделі тау-кен- геологиялық жағдайлардағы жұмыстар ұзақтығы 4 км шамасында бір кенжарда жүргізілді.

 

«Қазхромның» 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясы компания мен комбинаттың шикізат базасын ұлғайтып, жалпы кен өндіру көлемін жылына 6 млн. тоннаға жеткізуді көздейді. Дөң ТКБК «Молодежная» және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахталарында (бірінші кезек) хром кені өндіріледі. Қазіргі таңда осы шахтаның бірінші және екінші кезегінің құрылысы жалғасуда. Екінші кезек құрылысы 2004 жылы басталған болатын. Мұндағы жыныс тұрақсыз әрі жарықшақты болғандықтан мамандарға оңай болмады. 2008 жылы Германия, ОАР, Ресей мен Украина елдерінен келген жер асты жұмыстары мен тау-кен жабдықтарын жетік меңгерген 100-ге жуық маман Хромтау қаласында бас қосып, Дөң ТКБК «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасындағы қиын тау-кен-геологиялық жағдайларда кен өндірудің технологиясын талқылаған болатын.

 

Кездесуде бірқатар келелі шешімдер ұсынылып, «Қазхром»ТҰК» АҚ мамандары мәселені егжей-тегжейлі саралайц келе, тиімді шешім ұсынған мердігер мекемені таңдап алған болатын. «Шахтбау» неміс компаниясы шахтаның қиын тау-кен–геологиялық жағдайларына қарамастан айына 100 метріне  тау-кен өндірілімінің ұңғылайтынына кепілдік берді. Оның үстіне жаманауи жабдықтар мен бірегей технологияны қолдану көзделген. Шараттағы басты талаптардың бірі шетел әріптестер ұңғылау жұмыстарын енгізу технологиясына қазақстандық мамандарды оқытуы тиіс болатын.

 

–  2012 жылы біз компаниялардың ұсыныстарын талдап, шарт жасасу мен дайындық жұмыстарын бастадық. 2013 жылдың тамыз айында ұңғыма жұмыстары басталды. Бүгінгі күні «Шахтбау» компаниясының мамандары 3 километр 40 метрді өтті, – деп атап айтты Дөң ТКБК «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасы бірінші және екінші кезек құрылысы дирекциясы бастығының орынбасары Василий Сапуанов.

 

«Клетьевой» және «Вентиляционный» оқпандары қабатының негізгі тасымалы квершлаг бойынша түйісімі  -480м. – бұл аралық қорытынды. -480м. қабаты – бұл «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасы құрылысының екінші кезегіндегі тірек қабаты. Мұнда екінші кезек бойынша кеннің негізгі көлемін өндірілетін болады. Сонымен қатар қабат үнгілеу әрі нақты бұл қабат қатар тазарту жұмыстары мен вентиляцияны қамтамасыз етеді. Бұл жобаға «Шахтбау» компаниясы өзінің 47 маманын жұмылдырып, оған қоса 27 көмекші қызметкер тартылды. Шетелдік мамандар бүкіл техниканы арнайы осы жобаға сатып алды, әрі мұндағы барлық үдерістер барынша автоматтандырылған. Мердігер ұйым үнгілеу жұмыстарын орындау кезінде осы жоба үшін ең қолайлы шешімдерді қолданды: жүк тиеу жұмыстары кезінде шынжыртабан  техниканы пайдаланса, әлсіз жыныстарда жұмыстарды орындау кезінде фреза орнатылды, аккумуляторлық электровоздар пайдасына түйіспелік желіден бас тартты. Осындай көптеген оңтайлы шешімдер қолданылып, соңғы үлгідегі бұрғылау құралдары пайдаланылды.

 

– Бәріміз үшін айрықша маңызды оқиғаның ерекшелігі біздің комбинатымызда алғаш рет ұзындығы (3.8 км) жазық қазба бір кенжармен өту фактісі табылады, – деді Дөң ТКБК «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасы бірінші және екінші кезек құрылысы дирекциясының бастығы Анатолий Водждаев. – Негізгі мердігер – неміс компаниясы. Барлық үйлестіру мен бақылау жұмыстарын Дөң ТКБК және «Қазхром»ТҰК» АҚ мамандары атқарады.

 

Аталған түйісім – осы қабаттағы біріншісі. Алда кезегін күткен жұмыс көп: әлі шамамен 4 км дайындық, тау-кен иір ойықты және тау-кен күрделі өндірулер тұр. Әрі болжам бойынша одан да шиеленісті жағдайлар бар. Осы жұмыстардың бәрі кейін кен өндіруді жүргізу үшін кен денелерін кескіндеудің жалпы үдерісіне кіреді. Келесі жылы тиісті жабдықтар  сатып алынады. Сонда Дөң ТКБК үңгушілері бір жағынан, және неміс мамандары екінші жағынан бір-бірінің алдынан шығады. Барлығы жиынтықпен бұл қабатта 12 км тау-кен түйісімдерден өтеді.