- 2021 жылдан бастап сульфидті кен өңдеу көлемін екі есе арттыру мақсатында Ақтоғай КБК-гі өндірісті кеңейтудің $1,2 млрд көлеміндегі инвестициясы бар жобасы бекітілді.
- Сульфидті кеннен мыс өндірудің жыл сайынғы көлемі 2022-2027 жылдар аралығында 170 мың тоннаға жетіп, ал кейінгі жылдары 130 мың тонна деңгейінде болады.
- Таза ақшалай өзіндік құнның жоспарлы көрсеткіші 2027 жылға дейін бір фунт үшін 100-120 АҚШ центі көлемінде сақталады.
- Ақша салымдарының көлемі Бозшакөл мен Ақтоғайдан түсетін тұрақты қаржының есебінен қамтамасыз етіледі.
KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай КБК-нің өңдеу қуатын жоспарлы түрде арттыру туралы хабарлайды. 2017 жылдың қазан айында сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасының (КБФ) жобалық қуатына жетуінен кейін Директорлар кеңесі сульфидті кендерді өңдеудің қазіргі қуатын жылына 25 млн тоннадан 50 млн тоннаға кенге дейін екі еселейтін екінші КБФ құрылысын бекітті.
Өндірістің қуатын арттыру қауіп-қатері төмен өркендеу жобасы болып табылады. Ол Ақтоғай мен Бозшакөлде сәтті іске асқан сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикаларына сай келеді. Құрылысты Топтың KAZ Minerals рrojects бөлімшесі басқаратын болады. Ол бұған дейін Ақтоғайдағы алғашқы жобаның құрылысымен айналысқан. Мердігерлік жұмыстарға қатысты тендерлер 2018 жылы өткізіледі. Жоспарға сәйкес өндірісті кеңейту жобасының ақша салымдарының бюджеті шамамен $1,2 млрд болады. Оның $200 млн жуығы 2018 жылы инвестицияланады. Қалған шығындар 2019-2021 жылдар аралығында болады. Өңдеу қарқынын шикізатпен қамтамасыз ету үшін тау-кен техникасының паркі жаңғыртылады.
Жоспарға сәйкес жаңа КБФ-ғы өндіріс 2021 жылдың екінші жартысында басталады. Ал ондағы өндіріс қарқыны 2022 жылдың барысында артады. 2022-2027 жылдар аралығында Ақтоғайдағы сульфидті кеннен мыстың өндіріс көлемі 80 мың тоннаға артып, жылына шашамен 170 мың тоннаны құрайды. Оған кеннің құрамындағы мыстың жоғары үлесі ықпал етеді. Кеніштің одан кейінгі кезеңдегі, яғни минералды ресурстардағы мыстың үлесі 0,34% болғанда, Ақтоғайды кеңейту жобасы жыл сайын қосымша 60 мың тонна өндіріп, жылдық өндіріс көлемі 130 мың тоннаны құрайтын болады. Арта түсетін өндіріс есебінен сульфидті кен денесін өңдеу мерзімі 50 жылдан астамнан шамамен 28 жылға дейін қысқарады. Ақтоғайдағы оксидті кеннен катодты мыс өндіру оксидті кен орнының қалған сегіз жылдық мерзімінде шамамен жылына қазіргі 20 мың тонна деңгейінде өзгеріссіз қалады.
2027 жылға дейінгі жоспарлы таза ақшалай өзіндік құнның көрсеткіші 2017 жылғы долларлық есеппен алғанда бір фунтқа 100-120 АҚШ центі көлемінде өзгеріссіз қалады. Өндіру операциялық іс-қызметінің кеңеюі арқасында тиімділіктің арттуы өндіру көлемдерінің ерте мерзімге ауысқандықтан кеннің құрамындағы азайып бара жатқан мыстың әсерімен пара-пар болады. 2022 жылдан бастап өндірісті қолдау шығындары $30-40 млн-дан $50-60 млн дейін артады. Жоспар бойынша, талдаушылар консенсусы ұсынып отырған мыс бағасына қатысты сценарий іске асса, өндіріс көлемін арттыру Топ капиталынан асып түсетін табыс әкеледі.
KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Мен екінші ірі өркендеу жобамыз - Ақтоғай КБК-гі өндірістің жоспарланған кеңейтілуі туралы хабарлауға қуаныштымын. Ол 2021 жылдан бастап өңдеу қуатымызды екі еселейді. Кеңейту жобасы – біздің жобалау командамыздың қолданыстағы сульфидті фабрикамыздағы өндірісті қосарлап, айтарлықтай табысты қамтамасыз етудің мүмкіндігі. Мысқа қатысты болжамдар жағымды. Бұл жоғары сұраныс жағдайында біздің өркендеуімізге көмектеседі. 2021 жылға дейін кеңейту жобасындағы күрделі шығындар Бозшакөл мен Ақтоғайдағы жаңа, азшығынды операциялық іс-қызметінен түсетін тұрақты ақша айналымдарынан қаржыландырылады».