Дүйсенбі, 14 Қараша 2016

Хром концентратының өндірісін арттыру үшін Хромтау қаласындағы Дөң ТКБК жаңа жабдықты пайдалануға енгізді

Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң ТКБК бірінші ұсақтап-байыту фабрикасында ағымдағы шлам қалдықтарын (өндіріс қалдыратын) байытатын желінің алғашқы легін іске қосылды. Тиісті жүктемемен сыналған жабдық қазіргі таңда пайдалануға толықтай дайын

Дөң тау-кен байыту комбинатының мамандары (ДОФ-1) №1 ұсақтап-байыту фабрикасының байыту учаскесіне концентрациялық үстелдер мен гидроклассификаторларды орнатып, іс-қосу реттеу жұмыстарын аяқтады. Өз кезегінде бұл 0-3 мм класты қосымша концентрат шығаруға мүмкіндік беріп, шлам қалдықтарында хром оксидін жоғалтуды азайтады.

 

Металқұрылымдарын орнатып, монтаждау жұмыстары тамыз айында басталып, ауқымды жұмыс аясында жаңа арқалықтар мен жабындар тұрғызылды. Мамандар қыркүйек айында жеткізілген өндірістік жабдықтарды монтаждауды бастады. Қазіргі таңда іске-қосу, реттеу  жұмыстары аяқталды. Бүгінде технологтар жабдықтардың жұмыс тәртібін оңтайландырып, үстел бетінің еңкіш бұрышын, әр жұмыс бетіне су жеткізу сынды жұмыстарды реттеп жатыр. Сонымен қатар, осы жабдықтатарға қызмет көрсететін фабрика қызметкерлері оқытылды.

 

Бүгінгі күні жабдық бұрандалы сұрыптау қалдықтарын қайта өңдеуді бастады. Комбинаттың технологиялық зертханасының қатысуымен режим жетілдіріледі, оңтайландырылады.

 

– Іске қосу және реттеу кезінде үлкен қиындықтар туындаған жоқ, себебі жабдықтың осындай түрі фабрикада 15 жылдан бері пайдаланылып келеді. Кешен толықтай іске қосылғаннан кейін шлам қалдықтарында хром оксидінің жоғалуы төмендейді және 0-3 мм концентраттың өндіріс көлемі ұлғайту көзделген, – деп сөзін түйіндеді Дөң ТКБК №1 ұсақтап-байыту фабрикасының бас технологы Александр Лухменов.

 

– Концентрациялық үстелдердегі байыту технологияларында басты мақсат қоректендіруді дайындау болып табылады. Байыту ұрдірісінің басында орнатылған гидроклассификатор бұл тапсырманы мүлтіксіз атқарады. Алғашқы нәтижелер қорытындысында үстелдердің тиімді жұмыс жасап тұрғанына көз жеткіздік, – деп атап айтты өтті «Қазхром»ТҰК»АҚ бас байытушысы Гулия Сулейманова.

«Қазхром» ТҰК» АҚ  жайында

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған  компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша  әлемдегі озық компаниялардың алғашқысы болып табылады. Барлаудан бастап пайдалы қазбаларды өндіру және жоғарғы қосымша құнымен оларды байыту арқылы металлургия өндірісінен тұратын тау-кен-металлургиялық кластердің толық циклын жүргізеді. Компания жылына 3,7 млн. тонна тауарлы хром кенін, 320 мың тонна марганецті кенін және  1,4 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдардан тұрады: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы  (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы)  және  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).  Компания қызметкерлерінің саны 19000-ға жуық.