Бейсенбі, 03 Мамыр 2018

«RG Gold» қазақстандық алтын өндіруші компания JORC халықаралық сыныптамасы бойынша минералды ресурстарды қайта бағала унәтижелерін жариялайды

26 сәуір 2018 жыл, Ақмола облысы, Щучинск қ. «RG Gold» ЖШС (бұдан әрі – «Компания») Южный және Северный Райгородок кен орындарының ресурстарын 2012 жылғы JORC Кодексіне сәйкес есептеуді аяқтауы туралы хабарлайды. Есептеуге 1996 жыл мен 2017 жылғы қыркүйек аралығындағы кезеңде жасалған геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері алынды. Минералды ресурстар 4.66 млн. унциядан 6 млн. унция алтынға дейін өсті. Ресурстардың жаңартылған санағын австралиялық AMC компаниясы жүргізді. Южный Райгородок бойынша геологиялық-барлау жұмыстары барысында жалпы тереңдігі 119 мың метр болатын бағаналы бұрғылау тәсілімен 420 ұңғыма бұрғыланды, ал Солтүстік бойынша - жалпы тереңдігі 65 мың метр болатын 264 ұңғыма.

 

1-кесте. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша JORC стандарттары бойынша (2012) минералды ресурстар

 

 

Кен типі

 

Болжалды ресурстар (Indicated)

Болжамды ресурстар  (Inferred)

Жиыны

Кен, млн. т

Сод. Au, г/т

Au, т

Au, млн унц.

Кен, млн. т

Сод. Au, г/т

Au, т

Au, млн унц.

Au, т

Au, млн унц.

Южный Райгородок

Қышқылдандырылған және аралас

3.8

0.72

2.7

0.09

1.2

0.54

0.7

0.02

3.4

1.1

Бастапқы

83.0

1.15

95.0

3.1

22

1.06

23

0.75

118

3.8

Барлығы

86.8

1.13

97.7

3.1

23.2

1.04

23.7

0.77

121.4

3.9

Северный Райгородок

Қышқылдандырылған және аралас

7.4

0.66

4.9

0.16

2.7

0.60

1.6

0.05

6.5

0.21

Бастапқы

49.0

0.96

47.0

1.5

12

0.88

10

0.33

57

1.8

Барлығы

56.4

0.92

51.9

1.7

14.7

0.83

11.6

0.38

63.5

2.1

Жиыны:

143.2

1.05

149.6

4.8

37.9

0.96

35.3

1.2

185.0

6.0

Алынған нәтижелер Компанияның ресурстардың қосымша өсімі бойынша үміттерін ақтады. Ресурстар өсімінің әлеуетін іске асыру үшін 2016 жылдың соңында Компания қосымша, нақтылайтын бұрғылау бағдарламасын бастады, әрі ол 2017 жылғы қыркүйекте аяқталды. Нәтижесінде, Южный Райгородок бойынша болжалды ресурстар екі есе өсті.

 

Компания алғашқы кендерді қайта өңдеу фабрикасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша жұмыстарды жалғастыруда және ресурстық базаның ұлғаюын ескере отырып оның өндірістік қуаттылықтарының тиісінше ұлғаюын жоққа шығармайды. Фабрика 2021 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

 

Серік Сыздықов, «RG Gold» ЖШС-тің Бас директоры: «Біз 2017 жылы аяқтаған бұрғылау жұмыстарының оң нәтижелеріне қуанып отырмыз. Дегенмен біз бұған тоқталып қоймай, 2018-2021 жж. кезеңіне геологиялық-барлау жұмыстарының жоспарын дайындадық. Ресурстардың жаңа бағалауымен біз одан кейінгі даму перспективаларына зор сенімділікпен қарап отырмыз.»

 

Даврон Рустамкулов, «Верный Капитал» компаниясы Тобының Инвестициялар жөніндегі бас директордың орынбасары: «Ресурстардың едәуір өсімі жобаланған фабриканың қуаттылығын ұлғайтуды қарастыруға мүмкіндік береді.  RG Gold командасы мен оның халықаралық кеңес берушілері, ЗИФ қуаттылығын жылына 6 млн тоннаға дейін ұлғайтуды қоса алғанда, жоба дамуының түрлі сценарийлерін қарастырады. Жаздың соңына қарай біз техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелерін күтіп отырмыз».