Четверг, 02 Апрель 2015

2015 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,6%-ға жоғарылады

Ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 7,2%-ға жоғарылады, өңдеу өнеркәсібінде - 0,5%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға – 4%-ға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.

 

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
  2015ж. наурыз 2015ж. қаңтар-наурыз
2014ж. қаңтар-наурызға
2015ж. ақпанға 2014ж. наурызға 2014ж. желтоқсанға 2010ж. желтоқсанға
Өнеркәсіп өнімдері, өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса 3,6 -24,7 -14,8 2,5 -19,9
Өндірілген өнім 4,0 -27,1 -16,4 -0,1 -22,0
Өндіріс құралдары -1,3 1,6 0,0 26,5 3,9
Аралық тұтыну өнімдері 5,1 -32,2 -19,9 -5,9 -26,9
Тұтыну тауарлары -0,2 8,8 2,3 38,1 9,6
Өндірістік сипаттағы қызметтер 0,0 6,9 2,6 34,7 7,7

Өткен айда бағаның мұнайға – 5,7%-ға жоғарылауы, олардың мазутқа – 4%, дизельдік отынға – 2,6%, металл кендеріне – 2,5%, көмірге – 1,6%, бензинге – 0,5%-ға төмендеуі тіркелді.

 

Баға қорғасынға – 15,2%, мырышқа – 8,5%, қара металдар илегіне – 3%, мысқа – 2,5%, ферроқорытпаларға – 0,3%-ға жоғарылады, асыл металдарға – 2,8%, алюминийге – 1,4%-ға төмендеді.

 

Бағаның қарақұмық жармасына – 5,6%, қара бидай ұнына – 4,9%, мал етіне – 2,5%, құс етіне – 2,4%, өсімдік майына – 2%-ға, сүт өнімдеріне және қантқа – 0,7%-дан, балыққа – 0,6%-ға төмендеуі тіркелді.

 

k01-04-2015-1

  

Статистика комитетi