12.02.2013
2012 жылда әлемдік алтын өндірісі 1,5%-ға өсті

2012 жылда әлемдік алтын өндірісі 1,5%-ға өсті

Infogeo.ru материалдары бойынша аударылды

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің бағалауларына сәйкес, әлемде алтынның біріншілік өндірісі 2012 жылдың қорытындылары бойынша алдыңғы 2011 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға, 2,7 мың тоннаға дейін (86,8 миллион унция) жоғарылады.  Алтын өндірісі бойынша баяғыдай көшбасшы болып Қытай қала берді, USGS мәліметтеріне сәйкес, Қытай мемлекеті бір жыл ішінде өндірісті 2,2% - 370 тоннаға дейін өсірді; екінші орында – 250 тоннасымен Австралия, бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 3,1%-ға аз; АҚШ үшінші орынды сақтап қалды – бұл елде 2012 жылы алтынды өндіру 1,7%-ға төмендеді, яғни 230 тоннаны құрады.

Американдық рейтингте Ресей төртінші орынды иеленді; USGS бағалаулары бойынша 2012 жылы РФ  205 тонна  біріншілік алтын өндірілді, ал 2011 жылы 200 тонна өндірген болатын. Ресейден кейінгі орынды ОАӘ иеленді, мұнда бағала металл өндірісі 6,1%-ға, 170 тоннаға дейін төмендеді.

USGS мәліметтері бойынша, 2012 жылда күміс өндірісі 3%-ға - 24 мың тоннаға дейін (771,6 миллион унция) жоғарылады. Сонымен қатар күмінді өндіру бойынша бірінші орынды 4,25 мың тоннасымен Мексика иеленді, бұл 2011 жылға қарағанда 2,4%-қа жоғары. Екінші орынды Қытай мемлекеті иеленді, бұл мемлекетте 2012 жылда күмісті біріншілік өндірісін 2,7%-ға - 3,8 мың тоннаға дейін өсті. Үшінші орында Перу мемлекеті орналасты, бұрында бұл ел Мексикамен бірге әлемдік көшбасшы болуға үміткер болған, 2012 жылда Перу 3,45 мың тонна күмісті өндірді, бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 1,2%-ға үлкенірек.