30.12.2016
ҚР ИДМ жеңілдетілген тәртіпте Жер қойнауын пайдалану құқығын алу бастамасы туралы хабарлайды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Арқалық-Шұбаркөл және Шығыс Қазақстан облысы аумақтары бойынша  жер қойнауының толық зерттелмеген учаскелеріне арналған барлау жұмыстары үшін жеңілдетілген тәртіпте Жер қойнауын пайдалану құқығын алу бастамасы туралы хабарламасы

Өтініш қабылдау мына: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр к., 32/1 үй мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

 

Өтінішті қабылдау күні - 2017 жылғы 1 ақпан, Астана қаласының уақыты бойынша 09.00.

 

Өтінішті беру мерзімі - шектелмейді.

 

Барлауға арналған оңайлатылған тәртіп бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңына сәкес беріледі.

 

Барлауға арналған оңайлатылған тәртіп бойынша тікелей келіссөздер өткізу жағдайларымен: http://dep-nedra.mid.gov.kz/ru/kategorii/pervyy-prishel-pervyy-poluchil веб-сайтында танысуға болады.

 

Арқалық-Шұбаркөл және Шығыс-Қазақстан облысы аумақтары бойынша барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскілері тізімі, сонымен қатар осы блоктар бойынша геологиялық ақпарат есептерінің тізімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті сайтында, сонымен қатар http://www.imap.geology.gov.kz/ адресі бойынша Интеркативті картасында жарияланды.

 

Байланыс үшін телефондар: (8 7172) 754467,754468.

 

Өтінімдерді беру және қарау тәртібі жөнінде мәселелер туындаған жағдайда, ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінеt.syzdyhanova@mid.gov.kz., m.kapenova@mid.gov.kz хабарласуыңызға болады.

 

Интерактивті тақта жұмысы бойынша мәселелерді мына: imap@geology.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.