07.12.2016
Kaz Minerals Тобы Ақтоғай жобасындағы ілгерілеу туралы хабарлайды

Актогай - старт пусконаладки

Актогай конвейер

KAZ Minerals Тобы сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасындағы сынақтар мен іске қосу-реттеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Олег Новачук Қазақстан президентімен болған телекөпір барысында хабарлады. Желтоқсанның 6 күні мемлекет басшысы тікелей эфирде республиканың түрлі өңірлеріндегі бірқатар маңызды өнеркәсіптік жобаларды іске қосты.

 

Ақтоғай кен орнының сульфидті кенінен тауарлы мыс концентраты 2017 жылғы бірінші тоқсанның соңында өндіріледі деп көзделген. Топтың 2017 жылға жоспарланған көрсеткіштері 2017 жылғы 23 ақпанда жарияланатын жылдық есепте айтылады.

 

Ақтоғай жобасының жалпы бюджеті қайта қаралған соң $100 млн азайып, $2,1 млрд құрады. 2016 жыл барысындағы құрылыстың қарқынды жүруінің, жоспарланбаған қосымша міндеттемелердің әсерінен шамалы босатылудың, жергілікті мердігерлер жұмысының долларлық құнының төмендеуі мен жергілікті мердігерлер арасында құрылыс жұмыстарының көпшілігін бөлу саясаттың жағымды әсерінің арқасында үнемдеуге қол жетті.

 

Қалған күрделі төлемдердің мерзімдері қайта қаралды. 2016 жылдың соңына жоспарланған кейбір төлемдер 2017 жылдың басында болады деп көзделген. 2018 жылға дейін шегерілген төлемдердің арасында – тотыққан кен жүктелетін шоғырлы сілтісіздендіру панельдерінің кеңейтілуіне байланысты $70 млн.

 

Жобаның күрделі шығындары келесідей жоспарланған: $100 млн көлемінде – 2016 жылдың екінші жартысы, $240 млн – 2017 жыл және $370 млн – 2018 жыл. 2018 жылға жоспарланған $370 млн ішінде 2016 және 2017 жылдардағы құрылыс жұмыстары үшін төленетін $300 млн да бар. Төлем 2015 жылдың қараша айында негізгі мердігермен келісе отырып шегерілген.

 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук: «Біз бүгін сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстарының басталғанын және жобаның күрделі бюджетінің $100 млн азайғанын жариялауға қуаныштымыз. Біз Ақтоғай және Бозшакөл КБК-дегі өндірісті арттырып, саладағы жетекші өндірістік өсімге жетуді мақсат тұтып отырмыз».

 

Актогай - сульфидная ОФ – мельница

Актогай - сульфидная ОФ – флотация

Актогай сульфидная ОФ