23.05.2013
Қызылорда облысында 2 млн. тонна қоры бар ваннадий кеніші ашылмақ – АЭФ

Қызылорда облысының аумағында жалпы республикалық ваннадий қорының 66 пайызы жинақталған

Бұл туралы бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ақбатыр Нәдірбаев мәлім етті.

«Қазақстанда жер қойнауынан ваннадиді алудың технологиялары түпкілікті енгізілген жоқ. Қазіргі уақытта 2 миллионға жуық тонна болатын аталған қорды жер қойнауын пайдаланушылар зерттеуде. Ваннадий сынды металлды жер қойнауынан алудың технологияларын жасақтауға күш салуда», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған кеніште ваннадидің жоғары құрамы ғана емес, өзге де сирек металл қоры жинақталған. Қызылорда облысында жалпы республикалық қорды алғанда, мырыштың 14 пайызы, уранның 0,8 пайызы, алтынның 2,5 пайызы, мұнайдың 1,8 пайызы, газдың 1,8 пайызы жинақталған.

Inform.kz