ҚАЗАҚМЫС тобының ENRC компаниясына жасалған индикативті ұсынысқа қатысты мәлімдемесі

Kazakhmys PLC-дің Директорлар кеңесі, Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ENRC) Директорлар кеңесі Тәуелсіз комитетінің бүгін, яғни 2013 жылдың 20 мамырында жарияланған, ENRC-дің Консорциумға тиесілі емес акцияларына қатысты ықтимал ашық ұсынысқа байланысты Консорциумның индикативті ұсынысының шарттары көрсетілген мәлімдесінен.

 

Kazakhmys PLC Директорлар кеңесі аталмыш мәлімдемеге сәйкес ұсыныс аясында қарастырылатын Kazakhmys PLC компаниясының акцияларына қатысты мәселені түсіндіргісі келеді. Аталмыш акциялар Kazakhmys PLC-дағы Консорциумның бір мүшесі болып табылатын  Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесін, яғни 26 пайызды құрайтын барлық акцияларын қамтиды және Топ тарапынан қандай да бір акциялардың қосымша шығарылымын көздемейді.

Kazakhmys PLC компаниясының өзі Консорциумның мүшесі емес.

Алқа болып қарастыру мақсатында, Ситидің қосылулар мен жұтып алу тәртіптері жөніндегі Кодексіне сәйкес (әрі қарай «Кодекс»),  Kazakhmys PLC аталмыш ұсыныстың бір тарабы ретінде қарастырылуда. Ал компанияның тиісті құнды қағаздары 8 Кодекстің Ережелері бағынады.

Kazakhmys PLC Директорлар кеңесі бұған дейін мәлімдегеніндей, Компания иелігіндегі ENRC акциялары стратегиялық инвестициялар болып табылмайды және Кеңес Консорциумның акционерлерге жасаған кез-келген ұсынысын мұқият қарастыруға әзір. 

Аталмыш мәлімдеме Консорциумның, не ENRC Тәуелсіз комитетінің алдын-ала келісімінсіз, не мақұлдауынсыз жарияланып отыр.

Kazakhmys PLC бұған қосымша, Кодекстің 2.10 Ережесіне сәйкес, 2013 жылдың 17 мамырында биржа жабылған сәттегі жағдай бойынша, компания шығарған ISIN (құнды қағаздардың халықаралық сәйкестендірме коды) GB00B0HZPV38 коды бар  акциялардың саны  523 718 350 дана қарапайым акцияны құрағанын растайды. Әрқайсының құны 20 пенс (11 701 830 дана көлеміндегі қазыналық акцияларды есептемегенде).

Citi и J.P. Morgan Cazenove - Kazakhmys PLС-дің аталмыш мәселеге қатысты кеңесшілері болып табылады.   

... рет оқылды 3879 рет