22.05.2013
Өскеменде «Min Tech 2013» халықаралық көрмесі ашылды
Бүгін Өскемен қаласында «ҚАЗЭКСПО» бастамасымен Min Tech- 2013 кен өндіруші, металлургиялық және көмір өнеркәсібі құрылғылары мен технологияларының халықаралық көрмесі ашылды

Көрмеде геологиялық барлау қызметі, тау-кен шикізатын өндіру және байыту, металлургиялық, көмір кәсіпорындарына арналған құрылғылар, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы салаларындағы заманауи технологиялар ұсынылды.

Көрме 24 мамырға дейін жалғаспақ. Оның аясында экспозиялармен қатар, қазақстандық, ресейлік және израильдік кәсіпорындар 4 инновациялық тақырып бойынша семинарлар ұйымдастырады  деп күтілуде.

Inform.kz