27.03.2012
Қызметтің алдын ала нәтижелері туралы жасалған бұл есепте Топ акциялар пакетінің 26 пайызын иеленіп отырған үлестік қатысу әдісі бойынша көрсетілген ENRC компаниясының аудиттелмеген пайдасындағы тиісті үлесті қоса алғанда, 2011 жылдың 31 желтоқсанынд

Қызметтің алдын ала нәтижелері туралы жасалған бұл есепте Топ акциялар пакетінің 26 пайызын иеленіп отырған үлестік қатысу әдісі бойынша көрсетілген ENRC компаниясының аудиттелмеген пайдасындағы тиісті үлесті қоса алғанда, 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішіндегі Қазақмыс Тобының біріктірілген қаржылық аудиттелген нәтижелері келтіріп отыр

2011 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
o Топтың EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) металлдарға деген бағамдардың жоғарылауы жағымды ықпал етуінің арқасында 2 925 млн АҚШ долларын құрады
• Бірлескен кәсіпорындар мен қызметтерін доғарған еншілес компаниялардан 1 959 млн АҚШ доллары
• ENRC тарапынан 966 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі салым.
o Мыс өндірісінің бәсекеге қабілетті өзіндік құны фунтына 114 АҚШ центы болды
• Өзіндік құн 2011 жылдың басында белгіленген болжамдарға сай келді
• Өзіндік құнның жоғарылауы 2012 жылы да тау-кен руда саласының жанжақты проблемасына айналып отыр
o Жыл ішіндегі Базалық Пайда 1 498 млн АҚШ доллары деңгейінде болды
• ENRC тарапынан 465 млн АҚШ доллары болды
• Базалық Пайдаға негізделген әрбір акцияға келетін пайда 2.80 АҚШ центін құрады.
o Бухгалтерлік баланс 2008 жылдан бері алғаш рет өзінің орнына таза келді

• Таза өтімді қаражат жыл соңындағы жағдай бойынша 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 350 млн АҚШ доллары болған мөлшермен салыстырғанда, 19 млн АҚШ долларын құрады.
• ENRC акциялары пакетінің нарықтық құны 2012 жылдың 26 наурызындағы жағдай бойынша 3,328 млн АҚШ долларын құраған.
• Ірі жобалар мен шағын көлемді жобалар үшін 4.2 млрд АҚШ доллары сомасына ұзақмерзімді қаржыландыру қамтамасыз етілген.
o Дивиденд және акционерлердің пайдасы
• Әрбір акцияға 20.0 АҚШ центы мөлшерінде соңғы қорытынды дивиденд 2012 жылдың 1 наурызында жарияланды
• Жыл ішіндегі әрбір акцияға 28.0 АҚШ центы болатын сома 2010 жылдағымен салыстырғанда 27 пайызға жоғарылаған.
• Акциясына 904 пенстен келетіндей орташа бағамда 110 млн АҚШ доллары сомасына меншікті акцияларды сатып алу аяқталды.

 

ҚАЗАҚМЫС ТОБЫНЫҢ 2011 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУДИТТЕЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРІ