19.03.2012
ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЭДУАРД ОГАЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

"ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ" ЖШС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЭДУАРД ОГАЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

17/03/2012

Қазақмыс Тобы Жезқазған өндірістік алаңының жұмыскерлерімен біліктіліктерін растау және еңбекақыны жоғарылату жөніндегі ағымды мәселелер бойынша кезекті жиналысын өткізіп отыр. Жиналыс – жаңадан интеграцияланған еңбекақы төлеудің жүйесін енгізу процесінің аясында Топ басшылығы өткізіп отырған іс-шаралардың бірі болып табылады.

Кездесуде Жезқазған мыс балқыту зауытының, кен байыту фабрикаларының және кеніштердің өкілдерінен 200 жұмыскер қатысты. Басшылықтың тарапынан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай, операциялық бас директор Сергей Дяченко, «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ бас директоры Вадим Оглов, кәсіпорындардың және тиісті департаменттердің директорлары қатысты.

Баспасөз хабарламасын толығымен жүктеу (129 KB)