12.03.2012
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин Қазақстанның батыс аймақтарындағы инновациялық даму жөнінде жиналыс өткізді

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин Қазақстанның батыс аймақтарындағы инновациялық даму жөнінде жиналыс өткізді

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi

Орал қаласындағы «Алгоритм» технопарк территориясында батыс аймақтағы инновацияны дамыту және елдегі мұнай-газ саласындағы инновациялық әлеуетті үдете түсу сұрақтары бойынша көшпелі жиналыс өтті. Шараға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин, инновацияның дамуына жауапты Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Мұнай және газ министрлігі, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері, батыс аймақтағы мұнай компанияларының басшылары қатысты.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңнамасында қарастырылған қаражатты пайдалану тетіктеріy ұсынды. Жер кендерін пайдаланушылардың міндетті түрде жыл сайын қазақстандық тауар өндірушілерге ғылыми-зерттеулік, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүзеге асыруды қаржыландыруға жылдық кірістен 1 пайыздан кем емес көлемінде қаражат бөлу міндеті жөнінде сөз қозғалды.

Мәселен, Министрлік пен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ бірлесе отырып, инновациялық инфрақұрылымды дамыту мен венчурлік қорларды құру, мемлекет пен бизнестің бірлескен зерттеу бағдарламаларын қарастыратын технологиялық бағдарламаларға мақсатталған қаражатты тиімді пайдалану тетігін ұсынды.

Жиналыс қатысушыларына Үкіметтің «Алгоритм» технопаркі базасында жергілікті инженерлік-техникалық қызметкерлерді жаңа технологиялар мен жаңашылдықтарға оқытуды ұйымдастыратын мұнайсервистік полигонын салу жаңа бастамасының таныстырылымы өтті.

Мұндай орталық салу жер кенін пайдаланушылармен бірлесе іске аспақ. «Бұл жерде технопарк, полигон орналасқан және әлімдік көшбасшылардан жаңашыл технологиялар мен Орталық Азиядағы ең ірі сынақ бассейні бар. Осының барлығын біз қазақстандық мамандардың игеруіне жұмсауға дайынбыз. Әсіресе, Теңгіз, Қашаған, Қарашығанақ сиқяты ірі жобалары үшін өте өзекті болып табылады», -деп атап өтті Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ. Тілеушин.

Жиналыс қорытындысы бойынша бірнеше Меморандумдарға қол қойылып, аймақтағы ынтымақтастықты кеңейте түсу мақсатындағы шараларды тимді ету бойынша облыстық әкімдік өкілдеріне бірқатар ұсыныстар жасалынды.