06.03.2012
Kazakhmys түсімін 2011 жылы $3,563 млрд дейін 10%-ға арттырды

Kazakhmys түсімін 2011 жылы $3,563 млрд дейін 10%-ға арттырды

Қазақстан жаңалықтары АА. Халықаралық тау-кен өндіру Kazakhmys PLC компаниясының 2011 жылдың қорытындылары бойынша түсімі 2010 жылғы 3,237 миллиард доллармен салыстырғанда  3,563 миллиард АҚШ долларын құрады, деп хабарлады компания.

« Топтың басқаруындағы бөлімшелердің операциялық қызметтерінен болған EBITDA 1 959 млн АҚШ долларын құрады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мысты өткізудің орташа бағамы 2010 жылдағымен салыстырғанда, 16 пайызға артып, тоннасына 8756 АҚШ долларына жетті. 2011 жылы басталған науқанның аясында Лондон қор биржасынан әр акцияға орта есеппен 889 пенстен келетіндей 83 млн АҚШ доллары сомасына қарапайым акцияларды кері сатып алу жүзеге асырылды. Директорлар Кеңесі әр акцияға 28 центтен келетіндей жылдық дивиденд төлеуді ұсынып отыр  2010 жылдағымен салыстырғанда бұл 27 пайызға жоғарылағандығы.

Осыдан бұрынғы 2011 жылдың 12 айы ішіндегі өндірістік есепте айтылғандай, Топтың катодты мыс өндіру көлемі 301 мың тонна болып, меншікті концентраттан өндірілген мыс көлемі 299 мың тонна болып, өндіріс бойынша негізгі жоспарлы көрсеткіштерге жетті. Күміс пен алтынның өндіріс көлемдері жоспарлы көрсеткіштерден артып түсіп, сәйкесінше, 13 млн унция мен 151 мың унция болды. Мырыш өндіру көлемі 140 мың тонна болып шықты. Электр энергиясы нарығындағы электр энергиясына деген тұрақты сұраныс, сонымен қатар, Екібастұз ГРЭС-1 модернизациялау бағдарламасы Топтағы энергетикалық бөлімшенің өндірістік көрсеткіштерін нығайтуын жалғастырып келеді. Екібастұз ГРЭС-1 станциясының электр қуатын өндіруі 15 пайызға артты, әрі электр энергиясын өткізуге деген орташа тариф Екібастұз ГРЭС-1 станциясында алдыңғы жылдағыға қарағанда 20 пайызға жоғарылады.

2011 жылы Қазақмыс Тобы әлеуметтік жобаларға, әсіресе облыстық әкімдіктермен жасасқан меморандумдардың аясында 100 млн-нан астам АҚШ долларын бөлді.

2011 жыл ішінде Топ өндірісті ұлғайту жобаларын дамытуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. 2011 жылдың тамыз айында Бозшакөл кен орнында игеру жұмыстары басталды, онда қазіргі уақытта су құбырларын тарту және электр тарату желілерін өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақмыс осы жылдың екінші жартыжылдығында нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлап отырған Ақтоғай кен орнының техникалық-экономикалық негіздемесіне кірісті. 2012 жылдың басында жасалуы және жеткізілуі ұзаққа баратын жабдықтарға тапсырыстар жасалған болатын. Ал жобаны қаржыландыруға Қазақмыс Тобы мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің (ҚМДБ) арасында жасалған келісімнің аясында 1,5 млрд АҚШ доллары тартылды.

Сонымен қатар, Топ орташа даму жобаларын игеру және барлау жөніндегі бағарламаларда айтарлықтай табыстарға жетті. Қазақмыс шамамен 6 млрд АҚШ доллары сомасына шақталған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып отыр, ол дегеніміз, Қазақстандағы өндірісті ұлғайту жөнінлдегі ең ірі бағдарламалардың бірі.

Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук былай деді: Экономикадағы белгісіздіктерге қарамастан, 2011 жылы мысқа деген сұраныстың үнемі артуы байқалып отырды. Біз негізгі жоспарлы көрсеткіштерімізге қол жеткіздік, ал 2012 жылы мыс өндірісін өткен жылдағы көрсеткіш деңгейінде болады деп топшылаймыз. Бұрынғысынша, Топтың негізгі міндеттері  шығындарды басқару және қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды одан әрі жоғарылата түсу. Өндірісті ұлғайту жөніндегі біздің жобаларымыз маңызды деген игеру кезеңінде отыр, әрі біз жыл ішінде оның жүзеге асырылуы жайында толықтай ақпарат беріп отырамыз. Ұзақмерзімді келешекте мысқа деген сұраныс болжамы жағымды болып отыр, және де компания тұтыну нарықтарында өте ұтымды орынды иеленіп отыр».