28.02.2012
«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері наразылық білдірмек

«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері наразылық білдірмек

 

www.bnews.kz «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері шеруге шығып, егер компания басшылығы жалақыларын  30%  көтермесе, наразылық ереуілін өткізуге бел байлап отырғандықтарын жасырмай айтты. Мұндай шешім кәсіпорынның еңбек ұжымының конференциясында қабылданды, деп хабарлайды  BNews.kz. ақпарат агенттігінің тілшісі.

Конференцияда айтылғандай, «АрселорМиттал Теміртау» басқармасы басшыларымен кәсіподақтардың  еңбекақыны көтеру туралы  жүргізіп келе жатқан келіссөздеріне міне,  4 айдан астам уақыт өтті ешқандай нәтиже берген емес. Кәсіпорын жұмысшылары өздерінің ойынша,  осы мәселенің оң шешілуіне көмектесетін бірнеше  ұсыныстар да беріп көрген. «Баяғы жартас - бір жартас».