16.02.2012
Белгілі ғалым, қоғам қайраткері академик Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыровтың 100-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция «Қазақстандағы тау кен ісі және металлургия. Қазіргі күйі мен келешегі» БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері академик Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыровтың 100-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция «Қазақстандағы тау кен ісі және металлургия. Қазіргі күйі мен келешегі»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өткізу мерзімі: 11-12 қазан 2012 ж.

Өткізу орыны – Алматы қ., Сәтбаев к., 22. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Тау кен-металлургия ғимаратының  (ТКМҒ) мәжіліс залы, 2 қабат.



Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты тау кен-металлургия кешенін индустриалды-инновациялық дамытудың және келешегін анықтау бағдарламасын жүзеге асыру үшін инновациялық экономика мен кадрларды дайындаудағы өзекті мәселелерді талқылауға  елдегі ғалымдар мен инженерлерді біріктіру.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында, өзінің қатарында еліміздің техника саласындағы зиялыларын біріктіретін, инженерлік ынтымақтастықтың республиканың тау кен-металлургия және геология саласындағы өндірістік кәсіпорындармен байланысын нығайтуда өте маңызды роль атқарды. За годы независимости Казахстана Казахский национальный технический университет имени К.И. Сатпаева,  который объединяет в своих рядах техническую элиту страны, сыграл  важную роль в укреплении связи инженерного сообщества с  производственными предприятиями горно-металлургической отрасли республики.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де, еліміздің ғылыми-техникалық аясының  инновациялық потенциалының маңызды үлесін құрайтын тау кен ісі, металлургия және геология салаларының танымал ғылыми мектебі сақталған және дамуда.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де, инновациялық қызметтің дамуын жан-жақты мемлекеттік қолдауы жағдайында, академик Ө.А. Байқоңыровтың 100-жылдығын өткізуі айрықша маңызды. Қолайлы инновациялық жағдай жасауда мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың стратегиялық шешімдері мен Қазақстан Республикасының үкіметімен қабылданған, елдің дамуының Мемлекеттік Бағдарламасы себеп болуда. Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда, Қазақстанның тау кен-металлургия кешендерін әртараптандыру және бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға арналған, республиканың ғалымдары мен мамандарының инновациялық жобалары мен технологиялар трансферті бойынша ұсыныстары талқыланады. Конференцияға Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің өкілдері, шақырылған шетелдік қонақтар, елдің ЖОО-ның, тау кен-металлургия кешендерінің және ғылыми-техникалық ұйымдарының өкілдері қатысады.

Байланыс тел.: 8 (727) 257-71-61, 257-70-65

Электронды мекен-жай:  office@mining.kz, kgpp@list.ru