26.01.2012
Елбасы индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Есекешевті қабылдады

Елбасы индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Есекешевті қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Есекешевті қабылдады.

Ол Президентті 2010-2011-жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қорытындысымен, сондай-ақ, бұл саладағы биылғы міндеттермен таныстырды. «Мен Президентке аталған мемлекеттік бағдарлама аясында еңбек өнімділігін арттыру, электр қуатын тиімді пайдалану, инвестиция тарту және металлургия, химия, машина жасау, геология секілді салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндап бердім. Минералды-шикізаттық кешенді, тау-кен өндірісін, туризмді дамыту мәселелері мен бұл салаларға мемлекеттік қолдау жайы да айтылды. Президент нақты тапсырмалар берді, - деді министр кездесуден кейінгі брифингте.

Агентство Хабар