26.01.2012
Тараздағы "Қазфосфат" цехында болған апаттан зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды

Тараздағы "Қазфосфат" цехында болған апаттан зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды

Тараздағы "Қазфосфат" цехында болған апаттан зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сенбі күні жансақтау бөлімінде есін жимастан 1960 жылғы Бақберген Дәуітов көз жмұды. Оның денесінің тоқсан пайызы күйген", - деп N2 қалалық аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, зардап шеккен екінші адам - 21 жастағы Мәлік Ыбыраев ауыр хілде жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 19 қаңтарда "Қазфосфат" ЖШС-нің жамбылдық филиалының N7 цехында сорғыштан фосфор құрамды су сыртқы атқылау салдарынан бөлім басшысы мен өндіріс аппаратшысы күйік шалып ауруханаға түскен болатын.

Kazakhstan Today