26.01.2012
Қызылорда облысы өндірістік өнімі 1 трлн теңге көлеміндегі еліміздің алты аймағының қатарына енді

Қызылорда облысы өндірістік өнімі 1 трлн теңге көлеміндегі еліміздің алты аймағының қатарына енді

Қызылорда облысы  2011 жылдың қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі  1,1 трлн теңгеге жеткен республиканың 6 облысының  қатарына енді.  Бұл туралы  «BNews.kz» ақпарат агенттігі тілшісіне аймақтық статистика  департаментінің бастығы  Бақыт Сапар айтты.

«Тәуелсіз еліміздің  20 жылында мұндай көрсеткішке  біз тұңғыш  жетір отырмыз.  1999 жылы республика бойынша өндірістік өнім өндіру жөнінен осыға тақау көрсеткіш сандарына  жеткеніміз рас. Ал нәтижеге қол жеткізуге бірден бір себеп болатын өсімдерге келер болсақ, ол қазір өнім өңдеу өндірісі мен газ беру және газбен қамту салаларында анық көрінеді.  Тұтастай алғанда,  бұл аймақтың қарқынды дамуына негіздер қалап отыр», - деп атап көрсетті Б.Сапар.

Статистика мәліметтері бойынша,  облыста ШОБ жақсы дамуда. Тек шағын және орта бизнес нысандарының өзі 222 млрд теңгенің өнімдерін шығарған.  Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндіру көлемі бірнеше пайызға азайып кеткен.

Финансовый информационный портал Казахстана