19.01.2012
2009-2010 жылдары Қазақстанның алтын-валюталық қоры 39,3 пайызға артты

2009-2010 жылдары Қазақстанның алтын-валюталық қоры 39,3 пайызға артты

Жаһандық қаржы дағдарысының әсеріне қарамастан, 2009-2010 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің алтын-валюталық қоры 39,3 пайызға артып, 32,1 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.

Бұл көрсеткішке Үкіметтің 2008-2009 жылдардағы «Бес батыл қадам» атты Дағдарысқа қарсы бағдарламасының арқасында қол жеткізілді. Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде бағдарлама ойдағыдай жүзеге асырылып, халықаралық қоғамдастық тарапынан жақсы бағаға ие болды. Әлемдік сарапшылардың пікірін «Уақыт үзеңгісінде» деректі фильмінен көруге болады.

Тағы да айта кетсек, Жаһандық қаржы дағдарысының әсеріне қарамастан, 2009-2010 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің алтын-валюталық қоры 39,3 пайызға артып, 32,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Үкімет отырысында Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов Ұлттық банктің алтын-валюталық қорлары артқанын хабарлады. 2011 жылдың 10 айында алтын-валюталық активтер 12,6 пайызға артып, 32,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Финансовый информационный портал Казахстана