18.01.2012
Түріктің таукен металлургиялық секторының жүргізуші компаниясы КЕТМАК Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста болуға және Қазақстан территориясында таукен металлургиялық

Түріктің таукен металлургиялық секторының жүргізуші компаниясы КЕТМАК Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста болуға және Қазақстан территориясында таукен металлургиялық

Бұл туралы агенттігінің түрік делегациясы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі  NADLoC» басшылығымен кездесуінде айтылды. Қазақстанның өндірістік аймақтарының бірінде: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында біріккен жаңа жоба туралы сөз болды. Соңғысы маңыздырақ қаралды. Біріншіден, Қарағанды облысы территория және өнеркәсіптік потенциал бойынша ең ірі аймақ, шикізат пен минералдарға бай, сондай-ақ Қазақстан халқының  оныншы бөлігі тұрады. Екіншіден, кәсіпкелерден жобаларды іске асыру туралы 5 ұсыным осы аймақтан түсіп отыр.

Талқылаудың негізгі тақырыптары таукен стоктарын пайдаға асыру және қайта өңдеу жабдықтарын өндіруге түрік инвестицияларын тарту мүмкіндігі болды, сондай-ақ:

өнеркәсіптік стоктарды тазарту жабдықтарын және универсалды жүйелерін шығару;

ауыз суын тазарту;

техникалық қажеттіліктер суын тазарту;

құрылыстық химиялық заттарды қайта өңдеу.

ҚР ИЖТМ «NADLoC» агенттігінің басқарма төрағасы Серік Әбдіхамитовтың айтуынша, Қазақстан инновациялық және интеллектуалдық дамуға бет алған экономиканы жетілдіру мақсатын ұстанғандығы үшін, барлық салада динамикалы дамып келе жатқан елмен байланыс Қазақстанның сыртқысаясаттық қазметінде өзіндік орнын алады. Бұдан басқа, қазақстандық қамтудың жаңа кезеңінде қазақстандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін ары қарай арттыруға, болашақтың технологиялық жобаларын жасауға және жобалардың инновациялануына  ерекше назар аудару керек.

Түрік бизнесмендері Түрік пен Қазақстан арасындағы байланыстар экономикалық пайдалылық жағынан бірін-бірі толықтырушы болып табылатынын баса айтты. Кетмак компаниясының негізін салушысы және Президенті Левент Кетенджи Кетмак компаниясы Қарағанды облысының бір кәсіпорынының   негізінде біріккен өндіріс ұйымдастыруды көздеп отыр деді. Осы мақсатта ақпан айының басында түрік делегациясы Қарағанды облысына келмек. Бұл сапардың мақсаты - екіжақты келісім мәселелерінің толық талқылануы, зауыттың нақты орналасу орны және басқа мәселелердің шешімі.

Кездесу аяғында түрік жағы Республиканың өнеркәсібінің үдемелі және мақсатты дамуындағы мемлекет саясатының маңыздылығын айта келе, өз ұсыныстарына Қазақстанның мемлекеттік құрылымы жағынан қолдау көруге  және жемісті жұмыс істеуге үмітті екендіктерін білдірді.

Кетмак компаниясын Стамбулда 1997 жылы Левент Кеттенджи деген инженер ашқан. Компания жұмыстарда қолданылатын тазартылған, минералды байытылған өнеркәсіп стоктарының машиналары мен жабдықтарын өндіреді. Олардың көбісі мәрмәр, гранит, керамика және құм  өндірістерімен байланысты. Бүгінгі  күні Кетмак Түріктің таукен металлургиялық өндірісіндегі жетекші кәсіпорын. Сондай-ақ, компания өндірісі, яғни, әлем елдерінің бірнешеуінде жұмыс істейтін 450 тазарту қондырғылары.

МИНТ РК