12.01.2012
ҮИИД МБ қатысушылары мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктеріне ие болады

ҮИИД МБ қатысушылары мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктеріне ие болады

Қазақстан Республикасының Парламенті «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Осылайша, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекенттік бағдарламасының бағыттары мен жобаларын жүзеге асыруға қатысушы бизнес мемлекеттік қолдаудың нақты құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру тетіктеріне ие болады.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңның басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген экономиканың басым салаларын дамытуды ынталандыру арқылы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

«Заң жеке сала жүзеге асыратын жобаларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудің негізін қалайды. Түрлі ұлттық институттар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар көлемі 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД МБ, салалық, функционалдық бағдарламалар мен бизнесті қолдау бағдарламалары (атап айтқанда, инновацияны дамыту және технологиялық жанғыртуға жәрдемдесу бағдарламалары, «Экспортер-2020», «Инвестор-2020», «Өнімділік-2020», «Қазақстандық мазмұнды дамыту бағдарламасы» және т.б.) негізінде белгіленген», - делінген хабарламада.

BNews.kz