14.12.2011
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысындағы жаңа өндірісті іске қосты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысындағы жаңа өндірісті іске қосты

Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Н.Назарбаев Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы жаңа катотты-мыс шығаратын зауытты іске қосты.

«Сіздің тапсырмаңызбен жүзеге асырылып отырған индустриялық бағдарлама тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер етіп отыр. 2015 жылға дейін біздің облысымызда 20-ға дейін жаңа кәсіпорындар іске қосылатын болады», - деді Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов. «Біз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен Балқаш қаласында жаңа өндірісті қосуға әзірміз. Бұл - гидрометаллургияның заманауи технологиялары арқылы жоғары сапалы катотты-мыс шығаратын зауыт», - деді облыс әкімі, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның айтуынша, жоба құны 7 млрд. теңге шамасында.

«Мен қарағандылықтарды соңғы жылдары қол жеткізген табыстарымен құттықтаймын. Өңірдің барлық түкпірінде қызу жұмыстар жүріп жатыр. Мен осындай қарқынды барлық әкімдерден талап еткен болатынмын. Шынымен де индустрияландыру біздің осы кезеңдегі ұлттық идеямыз. Қарағанды ел индустриясының орталығы болып табылады. Мен осы жаңа кәсіпорынды іске қосуға қуаныштымын», - деп атап өтті Елбасы.

Финансовый портал казахстана