03.12.2011
Украина бизнесмендеріне индустриялы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Украина бизнесмендеріне индустриялы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Украина мен Молдова Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі 2011 жылы 30 қарашада Львов қаласында Батыс Украинадағы Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Украинадағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш ісшараның негізгі мақсаты іскерлер ортасы өкілдерін Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасына қатысуға тарту, сонымен қатар Қазақстанда бизнес жүргізіп, инвестиция салу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру болып табылады.

Дөңгелек үстел келесі бағыттар бойынша өтті: өндіруші өнеркәсіп, құрылыс, машина құрылысы, азық-түлік өнеркәсібі, көлік және коммуникация, металлургия, ауыл шаруашылығы, энергетика, ғылыми-гуманитарлық қызмет.

www.bnews.kz