01.12.2011
ҚАЗАҚМЫС ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫН ӨРКЕНДЕТУ ІСІНДЕ ҚАТЫСУДА

ҚАЗАҚМЫС ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫН ӨРКЕНДЕТУ ІСІНДЕ ҚАТЫСУДА

2011 жылғы 1 желтоқсан

Қазақмыс Тобы мен Қарағанды облысының әкімдігі Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын ұсынып отыр. Аталған жоспар Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді және де оның Қарағандыға жасаған жуырдағы жұмыс сапары барысында жария етілді.

Жоспарды іске асыру орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының қатысуымен жүзеге асырылмақ. Кешенді жоспардың аясында Қазақмыс минералды-шикізат базасын ұлғайтуға, индустриалды-инновациялық дамытуда және тұрғын-коммуналды шаруашылықты жаңғыртуға, сонымен қатар, аймақты көріктендіру мен сумен қамсыздандыруға қатысуға ынталы.

«Жезқазған Қазақмыс үшін әлі де маңызы зор аймақ болып отыр. Сол жерде қазақстан мысының тарихы басталған. Әрі біздің компаниямыздың келешегін Жезқазғанмен тығыз байланыстырып келеміз. Атаулы шаралар компанияның қызметін қолдап, ұлғайта түсуге бағытталып қана қоймай, жергілікті халықтың да игілігін жақсартуға бағытталып келе жатқандығын баса айтқым келеді», - деп түсіндірді Эдуард Огай, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ң Басқарма төрағасы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

Қазақмыс



Джон Смэлт

Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы

Тел:+44 20 7901 7882

Тел:+44 78 7964 2675

Ирина Третьякова

Қаржы талдаушысы

Тел: +44 20 7901 7814

Мақсұт Жапабаев

Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы

Тел: +7 727 3304 556

Елена Шальнова

Жезқазған аймағы бойынша БАҚ-мен байланыс жасаушы менеджер

Тел: +7 7102 741116

Мерлин



Дэвид Саймонсон


Тел: +44 20 7726 8400

Мария Бабкина


Тел: +44 20 7726 8400

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

Қазақмыс мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.

Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 17 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алда келе жатқан мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі руда өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2010 жылы меншікті рудадан 303 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндіріліп шығарылды. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі жеткізілімдерімен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен сүйемелденіп тұрады.

«Kazakhmys Mining» бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2010 жылы Қазақмыс 167 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Топ әлемде ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады.  (2010 жылы 14 млн. унция күміс өндірді).

«Kazakhmys Power» жобалық қуаттылығы 4000 МВт құрайтын Қазақстандағы ең ірі деген Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының 50 пайыздық қатысу үлесіне ие.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2010 жылы EBITDA (ерекше баптардығ қоспағанда) көрсеткіші 2,8 млрд.АҚШ долларды құрағанда,Топ өнімдерінің өткізілу көлемі 3,2 млрд.АҚШ доллары болған. Топта шамамен 61 000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.