29.11.2011
«ArcelorMittal Теміртау» кәсіпорынында үздіксіз құю машинасында сорттық илек әзірлемелерін өндіру басталды

«ArcelorMittal Теміртау» кәсіпорынында үздіксіз құю машинасында сорттық илек әзірлемелерін өндіру басталды

 

«ArcelorMittal Теміртау» кәсіпорынында шаршы пішінді әзірлемелерді құю машинасынан сорттық илек әзірлемелерін өндіру басталды, деп хабарлайды «ArcelorMittal Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

«ArcelorMittal Теміртау» АҚ әзірлемелерді үздіксіз құю машинасы іске қосуы өндіріс орнының қуаттылығын 25% арттырып, жылына 5 млн тонна болат өндіруге мүмкіндік береді. Аталған машина мұндай өнімнің алғашқы легін өндіріп шығарды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жоба 2010 жылдың тамыз айында қолға алынған. «ArcelorMittal Теміртау» мен түріктің CVS фирмасы арасында қажетті құрылғыларды жеткізуге және құрастыру жөнінде келісімшарт жасалған. Осының нәтижесінде жылына 4-5 млн тонна болат өндіруге және сапалы сорттық илек өндіруге мүмкіндік туып отыр.

Жақында «АрселорМитталТеміртау» кәсіпорынында 109 млн теңгенің №2 домна пешін қайта қалыпқа келтіру жобасы іске қосылғанын айтқан болатынбыз. Пеш еуропалық стандарттарға сәйкес, оның қуаттылығы 400 куб метрден – 2,465 мың куб метрге артып отыр. Осылайша, өнім өндіру шамасы артып, жылына 1,3 млн тонна шойын өндірумен қатар, құрылғылардың жарамдылық мерзімі ұлғайып, кокс өндіру шығыны мен ауа қабатына шаңның көтерілуі азаяды.

Қазір металл комбинатында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары түрлі деңгейде жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, конвертерлық цехта газды шығару жолы, су даярлау кешені құрылысы мен домендік газбен жұмыс істейтін қазандық құрылысы.

«АрселорМитталТеміртау» Акционерлік қоғамы АрселорМиттал компаниясы құрамына енеді, әрі Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласының ірі өндіріс орыны саналады. «АрселорМитталТеміртау» құрамына Теміртау қаласындағы металлургия комбинаты, Қарағанды облысындағы 8 шахта, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы темір рудасын өндіретін 4 кеніш кіреді.

http://www.bnews.kz/