28.11.2011
Қостанай облысында 2011 жылы 28 жаңа кәсіпорын іске қосылады

Қостанай облысында 2011 жылы 28 жаңа кәсіпорын іске қосылады

Қостанай облысында ҮИИД бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы 28 жаңа кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды «BNews.kz» АА тілшісі.

Жобаның жалпы құны 200 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Осылардың арасындағы маңызды кәсіпорындардың бірі - " ССКӨБ" АҚ-ның №17 технологиялық секциясы кен байыту фабрикасының қуаттылығын жылына 18 млн тоннаға дейін темір кені концентратын шығаруға жеткізбекші.

Фабриканың 17-ші ылғалды магниттi сепарация секциясында қазір жабдықтарды кұрастырып, жентектелген темір, темір кені концентраты мен ұсақталған тас қосымша өндірісі бойынша механизмдерді жүзеге асыруда. Фабриканың қуаттылығы жылына 14,9 млн тонна концентрат өндіруге жетеді.

Жаңа секцияны іске қосудың арқасында қосымша 1 млн тоннадан астам өнім алуға мүмкіндік тумақшы. Жұмыстардың жалпы құны шамамен 50 млн доллар. Бұл нысанды 2011 жылдың екінші жарты жылдығында Индустрияландыру картасы жобаларының тұсауын кесу бойынша жалпыұлттық телекөпірде Президент іске қосады деп жоспарланып отыр.

Финансовый информационный портал Казахстана