22.11.2011
Қазатомпром және Solvay Chemicals компаниялары бірлескен кәсіпорын құру үрдістерін аяқтады

Қазатомпром және Solvay Chemicals компаниялары бірлескен кәсіпорын құру үрдістерін аяқтады

"Қазатомпром" ҰАК мен Solvay Chemicals компаниясы бірлескен кәсіпорын құру үрдістерін аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Бұл туралы "Қазатомпром" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазатомпром" ҰАК" АҚ-ның басқарма төрағасы Владимир Школьник бастаған өкілдері бельгиялық Solvay Chemicals International SA компаниясының басшысымен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Бельгия Патшалығының Қазақстан Республикасындағы елшісі Даниель Бертран да қатысты", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Kazakhstan Today