18.11.2011
Тараздағы метталлургиялық зауытта 19 мың тонна ферроқорытпа шығарылды

Тараздағы метталлургиялық зауытта 19 мың тонна ферроқорытпа шығарылды

Тараздағы метталлургиялық зауытта 19 мың тонна ферроқорытпа шығарылды. Өндіріс ҮИИД бағдарламасы шеңберінде салынған, деп хабарлады «Bnews.kz» АА тілшісіне қалалық әкімдікте.

«Қаламыз үшін бұл өте маңызды көрсеткіш. Мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жобаның арқасында өндірісте осы жылдың соңына дейін 25 мың тонна шамасында өнім шығарылады», - дейді әкімдіктің бас маманы Олжас Ақылбаев.

Оның айтуынша, Тараз металлургиялық зауыты осы жылы ферроқорытпа өндірісін жаңартқан және кеңейткен.

«Жобаның құны 11,5 млрд теңгені құрады, 300 жаңа жұмыс орыны ашылды», - дейді О. Ақылбаев.

Инвестициялық жоба 2010 жылы 30 желтоқсанда пайдалануға берілді.

BNews.kz