27.04.2011
Солтүстік Қазақстанда индустриалды-инновациялық бағдарламаны дамыту мәселесі талқыланды
Солтүстік Қазақстанда индустриалды-инновациялық бағдарламаны дамыту мәселесі талқыланды

Аймақта «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндіктері» атты республикалық семинар өтті.

Оған «Нұр Отан» партиясының Парламентаризм институты, депутаттар, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және ғалымдар қатысты. Бүгінде аймақта үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасына сәйкес 13 жоба жүзеге асырылуда. Оның 7-і индустриалды, қалған бесеуі агро-өнеркәсіп саласында. Бірақ, қалада орналасқан кәсіпорындар экономикаға ойдағыдай кіріс келтіре алмай отыр, дейді «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» акционерлік қоғамының вице-президенті Сейітғали Ғалиев. Институт мәліметтеріне қарағанда, облыстағы кәсіпорындардың ел экономикасына кірісі 0,2 пайызды құрайды. Сондықтан, аймақтың аграрлы бағытын ескере отырып, әсіресе үдемелі инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру, керек дейді жиынға қатысушылар. Семинарда талқыланған тақырыптың бірі - бұл жобаларда жұмыс істейтін отандық мамандар мәселесі болды. Өйткені, қазір ірі зауыттар мен кәсіпорындарда ғана емес, ауылды жерлерде білікті жас мамандар тапшы. Сондықтан, кәсіби білім беретін оқу орындарында қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берілу керек, дейді қатысушылар.

Есет Есенғараев, Қарағанды облысы «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары:
-Бізге өте маңызды ауылшаруашылық саласы. Ет өндіру, егін әрине ол жағынан бізде дүние жүзі бойынша көп мүмкіндігіміз бар. Сондықтан, осындай мүмкіндіктерді біз қолдануымыз керек.

Хабар