27.04.2011
KazakhGold 2010 жылы шығындарын $57,3 млн долларға дейін 2,5 есе қысқартты

KazakhGold 2010 жылы шығындарын $57,3 млн долларға дейін 2,5 есе қысқартты

KazakhGold Group Limited (әлемнің ірі алтын өндірушілерінің бірі «Полюс Золото») 2010 жылдың қорытындылары бойынша 143,739 миллион доллар сомасындағы шығындармен салыстырғанда 57,271 миллион доллар көлемінде шығынға ұшырады, деп хабарланған компанияның есептілігінде.

Есептілікке сәйкес, 2010 жылы компанияның түсімі  бір жыл бұрынғы 60,377 миллион долларға қарсы 115,694 миллион долларды құрады.

Компания шығындары 2010 жылы салық салуға дейін, 2009 жылғы 149,9 миллион доллармен салыстырғанда 55,942 миллион долларды құрады.

Қазақстан жаңалықтары АА