27.04.2011
Қарағандыда жанып жатқан шахтадан адамдар шығарылды

Қарағандыда жанып жатқан шахтадан адамдар шығарылды

Қарағандыда «АрселорМитталТеміртауға» тиесілі Костенко атындағы шахтада көмір тұтанды. Төтенше оқиға сейсенбі күні болды, бұл туралы «BNews.kz» АА тілшісіне Костенко атындағы шахтаның директоры Дмитрий Черепов мәлім етті.

«Апат учаскелердің бірінде болды. Шахтада көмір қышқылданып, жана бастады. Жану барысында иісті газ шықты, шахтерлар уақытында байқады», - деді Д.Черепов.

Жану барысында жер астында 319 шахтер болған. Барлығы құтқарылды. Бір сағаттан кейін адамдар шахтаға қайтадан түсті. «АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнының кеншілеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Бұндай өрттер жиі болып тұрады. Шаралар қабылдадық, шахта қалыпты жағдайда істеп жатыр», - деді директор шахтасы.

BNews.kz