26.04.2011
Митинг өткізген шахтерлар жалақының көбеюін талап етуде

Митинг өткізген шахтерлар жалақының көбеюін талап етуде

22 сәуірде Дон кен байыту комбинатының 200-ден астам шахтері митинг өткізіп, «Казхром» ТНК» АҚ басшылығынан жалақының көбеюін талап етті, - деп хабарлайды «BNews.kz» АА тілшісі.

Тілшінің хабарлауынша, жұмысшылар жұмыс күнінің аяғында Кеншілер мәдениет үйіне жиналып, төмен табыстарына наразылық білдірді. Жанжалды басу үшін «Казхром» ТНК» АҚ президенті Виктор Тиль кездесуге шықты. Кездесу екі сағатқа созылды.

«Қазіргі кезде ДОН КБК төлеп жатқан жалақы басқа аймақтар мен Қазақстанның кәсіпорындарына қарағанда жоғары. Бізде «Молодежная» шахтасында шахтердің орташа жалақысы 160 мың (теңге), шахта салушылардікі болса 145 мың теңге. Бұл төлем. Егер кімде-кім күмәнданса, бухгалтерия бар, прокуратура бар, тексерсе болады», - деді В.Тиль.

В.Тильдің айтуынша, жалақыны көбейту мәселесін «келсіссөздер барысында» талқылау қажет.

«Кімге жалақына көтеруге болады, кімге болмайды соны есептеу керек. Және не үшін жалақыны көтеруді талқылау қажет», - деді «Казхром» ТНК» АҚ президенті.

BNews.kz