25.04.2011
«Өнімділік-2020» бағдарламасының пилоттық жобасы Қарағанды облысында жүзеге асады
«Өнімділік-2020» бағдарламасының пилоттық жобасы Қарағанды облысында жүзеге асады
Дәлірек айтсақ, өндірісті өңірдегі 30-дан астам инновациялық жобаға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілмек.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, даму институттары және банк өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобы Қарағанды аймағында болып, жаңа бағдарламаға енген тың жобалармен танысты. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өкілдерінің айтуынша, жаңа бағдарлама өндірістік технологияларды жетілдіріп, кәсіпорындардың қондырғыларын жаңартуға, сол арқылы сапалы өнім алуға бағытталған. Дәлірек айтсақ, мемлекет инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеп, сараптама жасауға кеткен шығынның 50 пайызын өтейді. Сонымен қатар ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру мен инновациялық гранттар бөлу, өндіріске тың технологияларды енгізудің тетіктерін қарастырмақ.

Дәулет Бекберген, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілі:
-Біз 3 күн ішінде 30-дан астам нысанның жұмысымен таныстық. Сондай-ақ, машина жасау консорциуымына енген кәсіпорын басшыларымен кездесіп, «Өнімділік-2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқыладық. Бұған қоса қазақстандық үлесті арттыру, мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жайы да кеңінен сөз болды. Биыл мемлекет тарапынан аймақта ашылатын 30 жаңа кәсіпорынға барынша қолдау көрсетілетін болды.

Сaspionet.kz