23.04.2011
ENRC 2011 жылы Павлодар облысындағы арнайы жобаларға 2,4 млрд теңге бөледі

ENRC 2011 жылы Павлодар облысындағы арнайы жобаларға 2,4 млрд теңге бөледі

ENRC корпорациясы павлодар облысын дамытуға 2011 жылы шамамен 2,4 миллиард теңге бөледі, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.

Бейсенбіде ENRC корпорациясы мен Павлодар облысының әкімшілігі арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптестік туралы Меморадумға қол қою рәсімі өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ENRC PLC Бас атқарушы директоры Феликс Вулис өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған әріптестікті бекіте түсті.

Таратылған хабарламаға сәйкес, өңірді қолдау бірқатар экономикалық, әлеуметтік және мәдени жобаларды орындау арқылы жүзеге асырылмақ. Осылайша, Меморандум аясында облыс және қала ауруханаларына 311 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Сонымен қатар, 500 млн теңге Ақсу қаласында спорт-сауықтыру кешенін салуға жұмсалмақ.

Тұрғын үй құрылысы негізгі басымдықтардың бірі болып қалады. Атап айтқанда, Павлодар қаласында 144-пәтерлі түрғын үй мен Ақсу қаласында 64-пәтерлі тұрғын үй салынады. Жергілікті мектепке дейінгі, мектеп және орташа техникалық білім беретін оқу орындарына, мәдениет және өнер мекемелеріне, мешіттер мен шіркеулерге қайырымдылық көмек жалғасуда.
Маңыздылығы жөнінен ардагерлер мен мүгедектерге, қоғамның мұқтаж топтарына қолдау көрсететін балалар үйлері, интернаттар, қарттар үйлері, Қызыл жарты ай және тағы басқаларды атап өту абзал.

Сонымен қатар, осы жылы «Ертіс» ФК-на 450 млн теңге демеушілік көмек берілді. Сонымен қатар, «Үстел теннисінің федерациясы» АҚ, «Воллейбол клубы» ҚҚ және олимпиадалық резерв мектебі қаржылай көмек алатын болады. Жалпы Меморандумда 36 жоба қарастырылған.

Меморандум аясындағы жобаларды қаржыландыру «ENRC Көмек» корпоративтік қайырымдылық қоры мен ENRC құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «Казхром» ТҰК» АҚ арқылы жүзеге асырылмақ.

Қазақстан жаңалықтары АА