19.04.2011
Павлодар облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары ағымдағы жылдың І тоқсанында 250 миллиард теңгенің өнімдерін шығарды

Павлодар облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары ағымдағы жылдың І тоқсанында 250 миллиард теңгенің өнімдерін шығарды

Павлодар облысының  өнеркәсіптік кәсіпорындары  ағымдағы жылдың  І тоқсанында 249,7 миллиард теңгенің  өнімдерін   шығарды,  деп   хабарлады   статистика  департаментінің баспасөз қызметінен.

Өндірістің нақты көлемінің  индексі,   2010 жылдың сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда, 101,2 пайызды құрап  отыр.

Жалпы өнеркәсіптік  өндірістің  10 пайызын құрайтын     кен   өндіру  және карьерлерді игеру  өнеркәсібінің көрсеткіші  13,2 пайызға    артқан, оның ішінде  тас көмір өндірісі -  9,9   пайызға  өссе,   лигнит өндірісі -39,9 пайызға   өскен.

Өнеркәсіптік  өндірістің   61,1   пайызы    өңдеуші өнеркәсіппен  айналысатын  кәсіпорындардың үлесіне  тиесілі,   олардың     өндірісінің нақты  көлемінің индексі  - 98,5 пайызды  құрап  отыр.  Мұнай  өңдеу  саласындағы  өндірістің  -28,1 пайызға,  ферроқорытпа  өндірісінің  - 1,9 пайызға   төмендеуі  есебінен  осындай көрсеткіш қалыптасқан.

Өнеркәсіптік  өндірістің  26,8 пайызын құрайтын электр қуатымен  жабдықтау,  газ, бу  беру кәсіпорындарында   өндірістің  нақты көлемінің индексі  106,2  пайызды құрап  отыр.   Оның ішінде, электр  қуатының  өндірісі  8,1 пайызға  артқан.    Өнімнің нақты көлемінің индексі:   Павлодарда  -  98,3 пайызды,  Ақсуда  - 99,9  пайызды, Екібастұзда  - 115,4 пайызды құрап  отыр.

ҚазАқпарат