14.04.2011
Екібастұздағы «Восточный» разрезінде роторлық экскаваторлар жаңғыртылуда

Екібастұздағы «Восточный» разрезінде роторлық экскаваторлар жаңғыртылуда

Еуразиялық энергетикалық   корпорацияның   Екібастұздағы  «Восточный»   көмір разрезінде  СРК(к)-2000  қуатты  роторлық экскаваторын  жаңғырту жұмыстары  басталды, деп  хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.

 

"Мұндай  жұмыс  біздің разрезде     бірінші рет жүргізіліп  отыр", -  дейді    кәсіпорынның бас инженері  Юрий Гончаров. -   Неміс  мердігерлерінің есептері бойынша,   15 айдың ішінде   бірінші машинаның  барлық  электр   жабдықтары  ауыстырылады,  жаңа   және жаңартылған     агрегаттар   орнатылады,  басқару жүйесі жаңартылады».

«Восточный»   разрезіндегі  алпауыт  роторлық   экскаваторлар   көмірді  кәсіпорынның  қоймаларына тиеп,  жөнелтеді,   ол  машиналардың әрқайсысы   25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп  келеді.    Алдағы  жылдары разрезде   барлық  бес  роторлық  машина   толық қайта  жаңғыртылмақ.

ҚазАқпарат