07.04.2011
«Қазатомөнеркәсіп» және Purolite International AG жоғары технологиялық химиялық өнімді өндіруге ниетті

«Қазатомөнеркәсіп» және Purolite International AG жоғары технологиялық химиялық өнімді өндіруге ниетті

» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Н.Б. Рыспанов және  Purolite International AG компаниясының президенті Стефан Броди Астанада «MINEX  Орталық Азия 2011» Тау-кен өнеркәсібі іскерлік форумын жүргізу барысында технологиялар және инновациялар саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

«Бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ ағылшын әріптеспен бірлесіп Қазақстан Республикасында технологиясы жоғары химиялық өнімдерді және реагенттерді ірі ауқымда өндіруді бастауға мүмкіндік берді», - деп көрсетілген сәрсенбіде таратылған хабарламада. 

Бірлескен  кооперация және ынтымақтастық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ қызметінің көптеген қырларын қамтиды: сирек және бағалы металдардың гидрометаллургиясы саласында технологиялық зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу, гидрометаллургиялық кәсіпорындарды жобалау үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу,  гидрометаллургияда қолдану, өнеркәсіп суларын тазалау және су дайындау үшін жаңа сорбенттерді  және тағы басқаларды әзірлеу және тестілеу.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23 554 адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

Purolite International AG (Ұлыбритания)1981 жылы құрылған жеке компания болып табылады. Компания әлемдік рыноктегі ионндық алмасу үшін арналған арнаулы  шайырлардың,  катализатолардың,адсорбенттердің жетекші жеткізіп берушісі болып табылады. Purolite трансұлттық корпорация, оның сату кеңселерінің, дистрибюторлар мен агенттерінің дамыған жүйесімен үйлесімді зауыттары Филадельфияда (АҚШ), Румынияда, Қытайда бар. Компания, қоршаған ортаға ең төмен әсер ету мүмкіндігі бар өнімдерді әзірлеуге ынталған және фармацевтикалық, химия, мұнайды қайтаөндеуші, азық-түлік, металлургия өнеркәсібінде және ядролық энергетикада кеңінен қолданылатын өнімдердің өндірушісі және дистрибюторы болып табылады.

Қазақстан жаңалықтары АА