07.04.2011
«Қазатомпром» уран жеткізу бойынша келісімшарттарды бұзу туралы белгі алған жоқ – Школьник

«Қазатомпром» уран жеткізу бойынша келісімшарттарды бұзу туралы белгі алған жоқ – Школьник

Ұлттық «Қазатомпром» атом компаниясы Жапониядағы оқиғалардан кейін келісімшарттарды бұзу туралы бірде бір белгі алған жоқ, деп хабарлады комапния басшысы Владимир Школьник.

«Біз, әлемдік нарыққа әлемдік атом энергетикасына қажет уранның 30% жеткізуші компания ретінде, әзірге  келісімшарттарды бұзу туралы бірде бір белгі алған жоқ», - деді  Школьник, «Майнекс Орталық Азия  – 2011» ІІ таукен өндіріс форумында сөйлеген сөзінді.

«Уран жеткізілуде, отын әзірленуде, дәл осы түрдегі Жапонияда орналасқандардан тыс реакторлар жұмысын жалғастыруда», - деп қосты ол.

Жапонияда 11 наурызда магнитудасы 9,0 баллдық жер сілкінісі орын алып, биіктігі он метрден асатын цунамиге әкеліп соқтырды. Жапонияның жағрапия институының мәліметтеріне сәйкес, зілзаланың нәтижесінде жапондық негізгі  Хонсю аралының солтүстік шығысындағы Осика жарты аралы оңтүстік батыс бағытындп 5,3 метрге жылжып, 1,2 метрге төмендеді. «Фукусима-1» АЭС-де жер сілкінісінен кейін салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты ТЖ режимі орнатылған. «Фукусима-1» үш жарылыс пен төртінші энергия блогында өрт болған. Оқиғалардың нәтижесінде АЭС-те бірнеше радиацияның жіберулері анықталды, ол биліктің адамдарды АЭС-тың маңынан 20 шақырымдық аумағынан адамдарды көшіруге алып келді. 

Талқандаушы жер сілкінісі мен цунамидің нәтижесінде қаза тапқандардың саны 12 мың адамнан асты. Хабар-ошарсыз кеткен болып 15 мыңнан аса адам саналады.

Қазақстан жаңалықтары АА