30.03.2011
Kazakhmys директорлар кеңесінде кадрлық өзгерістер күтілуде

Kazakhmys директорлар кеңесінде кадрлық өзгерістер күтілуде

Kazakhmys PLC (Қазақмыс) компаниясының директорлар кеңесі құрамында 2011 жылғы 13 мамырдағы жылдық жалпы бас қосуынан кейін кадрлық өзгерістер болады деп күтілуде, деп хабарлайды компания.

Осылайша кеңес құраынан Питер Хиксон (Peter Hickson) кетіп, осыған байланысты осы лауазымға жаңа тәуелсіз атқарушы емес директор келеді.

Сондай-ақ, өзінің дамыту жөніндегі директорлық лауазымынан Дэвид Манро (David Munro) босайды. Осы арада ол жартылай жұмыс басшылық тобының атқарушы директоры міндетін атқаруды жалғастырады.

Өз кезегінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Эдуард Огай (Eduard Ogay) директорлар кеңесінің мүшесіне тағайындалып және акционерлердің жалпы отырысында атқарушы директор лауазымына сайлауға ұсынылады.

Kazakhmys – Қазақстанда ең ірі көлемде мыс өндіріп, әлемдік он жоғары деңгейде өндірушілер қатарына кіреді.

Қазақстан жаңалықтары АА