29.03.2011
«Қазхром» Ақтөбедегі зауытында 4-ші балқыту цехын іске қосады

«Қазхром» Ақтөбедегі зауытында 4-ші балқыту цехын іске қосады

Ақтөбе ферроқорытпа зауытын жаңарту бағдарламасына сәйкес, отандық «Қазхром» 4-ші балқыту цехын салатын болады.

«Қазхром» Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 4-ші балқыту цехын іске қосады. Аталған ақпаратты ҚазТаг таратып отыр. Жаңа балқыту цехы жылына 440 мың тонна жоғары сапалы қорытпаларды шығаруға мүмкіндік алады. Жоба құны 750 млн. доллар. Бұдан бөлек, кәсіпорынды жаңарту жұмыстары зауыттағы жұмысшылардың жұмысын жеңілдетуге және шығын көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2013 жылы аяқталып, онда қосымша 550 жаңа жұмыс орны ашылады деген сенім бар.

caspionet.kz