28.03.2011
Мәжілісмендер Павлодардың кәсіпорындарда жүзеге асырылған индустриялық-инновациялық жобалармен танысты. ҚазАқпарат

Мәжілісмендер Павлодардың кәсіпорындарда жүзеге асырылған индустриялық-инновациялық жобалармен танысты.   ҚазАқпарат

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар мен аймақтық даму жөніндегі комитетінің депутаттары кеше, 27 наурызда Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында инновациялық жобаларды жүзеге асырып жатқан зауыттарды аралап көрді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Мұнайхим LTD компаниясында» депутаттар метиретбутил эфирі мен полипропилен өндірісімен танысты. Кәсіпорынның даму болашағымен оның директоры Ерлан Құсайынов таныстырды.

Өткен жылы «Қазэнергокабель» АҚ-ында Павлодардың электролиз зауытында шығарылатын аллюминий катанкасы өндірісі цехын іске қосты. Депутаттар жаңа учаскеде болып, түрлері ылғи артып отыратын кабель өнімінің жаңа түрлерімен танысты.

«Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3-інде қонақтар «Турбина мен №1 қазандық агрегатын жаңарту мен қайта құру» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

ҚазАқпарат