19.03.2011
«АрселорМиттал Теміртау» тауар, жұмыс және қызметті Қарағанды облысында сатып алуға уәде берді. BNews.kz

«АрселорМиттал Теміртау» тауар, жұмыс және қызметті Қарағанды облысында сатып алуға уәде берді.   BNews.kz

 

«АрселорМиттал Теміртау» тауар, жұмыс және  қызметті Қарағанды облысының кәсіпкерлерінен сатып алуға уәде берді. Тиісті шаралар Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов пен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Франк Паннир қол қойған меморандумда көрсетілген. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Меморандумда көрсетілгендей компания Қарағанды облысының шағын және орта бизнесі субъектілерімен тауар, жұмыс пен қызмет сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімдерге қол қоя алады. Сонымен қатар СМЕ РЕСОРС корпоративтік қоры жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдетілген несие беру бойынша іс әрекетті тездетеді. Сондай-ақ, компания техногенді минералдық құрылымдарды екінші рет өңдей бойынша жаңа өндіріс құруға қол ұшын бермек», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Меморандум бойынша компания қабылдаған міндеттемелер осы жұмысқа жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бұл шағын және орта бизнестің тиімді дамуына септігін тигізіп, біздің аймақтың тауар өндірушілеріне жақсы қолдау болмақ», - деді облыс әкімі С.Ахметов.

BNews.kz