16.03.2011
Алтын дүйсенбіде инвесторлардың сенімді активтер алуға ұмтылуынан қымбаттады. Қазақстан жаңалықтары АА

Алтын дүйсенбіде инвесторлардың сенімді активтер алуға ұмтылуынан қымбаттады.   Қазақстан жаңалықтары АА

Алтын дүйсенбіде инвесторлардың сенімді активтер алуға сұранысын арттырған Жапониядағы дүлей апаттың әсерінен қатарынан екінші сессия қымбаттады, деп хабарлады РИА Новости қордың мәліметтеріне сілтеме жасап.

Алтынға сәуірлік фьючерс сауданың қорытындылары бойынша  Нью-Йоркте Comex биржасында тройлық унция үшін 1424,9 долларға дейін 0,2% қымбаттады.

Жапонияда 11 наурызда магнитудасы 9,0 баллдық жер сілкінісі орын алып, биіктігі он метрден асатын цунамиге әкеліп соқтырды. Қаза тапқандар мен хабар ошарсыз кеткендердің саны 5 мың адамнан асты. Бұрын тек Мияге префектурасында қаза тапқандардың саны 10 мың адамға жетуі мүмкін деп хабарланған. Билік әзірге келтірілген зиянды бағалаудан бой бағуда, дегенмен әңгіме он мыңдаған долларлар туралы екендігі белгілі.

Жер сілкінісі болған күні алтын 0,7%-ға қымбаттады. Соңғы жылы оның құны 29%-ға артты.

Қазақстан жаңалықтары АА