09.03.2011
Жапония Қазақстан уранын Ресей порты арқылы тасымалдауды жоспарлауда. BNews.kz

Жапония Қазақстан уранын Ресей порты арқылы тасымалдауды жоспарлауда.   BNews.kz

Таяу Шығыстағы тәртіпсіздіктер Жапонияны Қазақстан уранын РФ-ның Қиыр Шығыс порты арқылы тасымалдауға мәжбүрлеуі мүмкін. Бұл туралы «Kursiv.kz» порталы хабарлайды.

Қазақстанда өндірілген уран рудасы Франция мен Ұлыбританияда өңделеді. Кейін уран Суэц арнаы арқылы оңтүстік теңіз жолымен Жапонияға жеткізіледі.

Қазіргі таңда, сарапшылардың пікірінше, теңіз қарақшыларының шабуыл жасау мүмкіндігі мен таяу шығыс аймағындағы өсімнің тұрақсыздығы салдарынан аталған тасымалдау бағдары қауіпсіз емес.

Сондықтан Жапония қазақстандық уранды импорттық жеткізу бағдарын қарастыруды жоспарлап жатыр. Жапония АЭС-ның мұқтаждығын өтеу үшін Ресейде байытылған Қазақстанның уран рудасы Транссібір темір жол магистралі және РФ Қиыр Шығысындағы ресей порты арқылы Жапонияға жеткізілмек.

BNews.kz