04.03.2011
ENRC компаниясы мыс өндірісінен алға шығуды жоспарлап отыр. caspionet.kz

ENRC компаниясы мыс өндірісінен алға шығуды жоспарлап отыр.   caspionet.kz

Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ENRC) корпорациясының бөлімшесі Африкада жылына 330-350 мың тонна мыс өндіріп, «Қазақмыс» компаниясын артты қалдыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында, құрылымның акционері Александр Машкевич мәлім етті деп хабарлайды Интерфакс.

Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ENRC) корпорациясының бөлімшесі Африкада жылына 330-350 мың тонна мыс өндіріп, «Қазақмыс» компаниясын артты қалдыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында, құрылымның акционері Александр Машкевич мәлім етті деп хабарлайды Интерфакс. Бұдан бөлек, компания басшылығы алдағы 3 жылда кәсіпорынның капитализациясын 3 есеге арттыруды көздеп отыр. ENRC – табиғи және байытылған шикізат өңдеп отырған бірлескен топ. Оның құрамында, "Қазхром", "Қазақстан Алюминиі", "Қазақстанның электролиз зауыты", "Жайрем тау-кен байыту комбинаты", "ЕуроАзиялық энергетикалық корпорациясы", "Серов ферроқорытпа зауыты" сынды компаниялар бар.

Сондай-ақ, корпорацияның Қытай мен Бразилиядағы жобаларда үлесі бар. Алайда, компания активтері Африкада орналасқан. Бұл мыс және кобальт өндіріс орындары. ENRC құнды қағаздары Қазақстан және Лондон қор биржаларында саудаланып отыр. Құрылымның басты акционерлері қатарында: Александр Машкевич, Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов, Kazakhmys Plc және Қаржы министрлігі жанындағы мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру комитеті бар.

caspionet.kz