03.03.2011
Индустрияландыру Картасы аясында 30 жоба жобалық қуатқа шықты – Рау. Kazakhstan Today

Индустрияландыру Картасы аясында 30 жоба жобалық қуатқа шықты – Рау.   Kazakhstan Today

Индустрияландыру Картасы аясында 30 жоба жобалық қуатқа шықты. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2010 жылы индустрияландыру картасына енгізілген 52 жоба берілді, барлық іске қосылған жобалар бойынша қолданысқа енгізу туралы жұмыс топтардың кесімдері бар, бір қатар жобалар бойынша қолданысқа енгізу туралы мемлекеттік комиссияның кесімдері қол қою үстінде", - деп хабарлады Рау үкімет отырысы барысында.

"Іске қосылған жобалардың барлығы іс жүзінде жұмысқа кірісті, кейбір жобалар бойынша сынамалық іске қосулар жүргізілуде", деп атап көрсетті ол.

"Жобалардың жүзеге асуына тәуелсіз мониторинг жасайтын сауда-өндірістік палатаның ақпараты және әкімдіктердің мәліметтері бойынша жобалық қуатқа 30 жоба дерлік шықты", - деп мәлім етті А. Рау.

Сондай-ақ, Индустрияландыру Картасы жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда 2011 жылы 37 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, "бБүгінде индустрияландыру Картасы аясында 2011 жылы 715 млрд теңгені құрайтын 71 жоба мақұлданды, нәтижесінде құрылыс барысында 18 мың 600 жұмыс орны және 18 мың 500 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылмақ", - деп мәлім еткен А.Рау.

А.Раудың айтуынша, 2011 жылы 330 млрд теңгені құрайтын 12 ірі жоба іске қосылады, нәтижесінде құрылыс барысында 9 мыңнан аса жұмыс орны және іске асыру барысында 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Осы жобалардың қатарына желтоқсан айында Алматы облысындағы Шарын өзенінде "Самұрық-Энерго" АҚ-тың Мойнақ СЭС-ін іске қосуы, Маңғыстау облысында "ҚТЖ" ҰК АҚ-тың "Өзен-Түкіменстан мемлекеттік шекарасы" теміржол желісін, Алматы облысында "ҚТЖ" ҰК АҚ-тың "Жетіген-Қорғас" теміржол желісін, Жамбыл облысында "АҚ Алтын Алмаз" АҚ-тың Ақбай алтын өндіру фабрикасында өндірісті жылына 3 мың тоннаға көбейтуі және басқа жобалар жатады.

Kazakhstan Today